Жексенбіде Астана және Ақмола облысында бұрқасын күтіледі

Күні: 16:29, 29-12-2018.

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Астана мен Ақмола облысында жексенбіде бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30-31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыс, батыс желдін күші 15-20 м/с күтіледі. Астана қ.: 30 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген сенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.


Жаңалықтармен бөлісу: