Жексенбіде Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын және жел күтіледі

Күні: 14:50, 29-12-2018.

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ - Жексенбіде Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын және жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 желтоқсанда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген сенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 30 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 
«Тараз қ.: 30 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: