Жел Атырау облысында ауыл мектебінің шатырын жұлып әкетті

Күні: 18:36, 03-05-2019.

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ - Жел Атырау облысында ауыл мектебінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«3 мамырда сағат шамамен 13.00-де Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылында екпіні 22 м/с жететін қатты жел салдарынан Манаев ат. ОМ ғимараты шатырының ішінара 674 ш.м. алаңы ұшып кеткен», - деді Нұрахметов жұма күні.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Оқиға орнында комиссия жұмыс жасап жатыр», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: