Женевадағы консультация Сирияның Конституциялық кеңесінің құрылуын тездетті

Алматы. 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Женевадағы консультация Сирияның Конституциялық кеңесінің құрылуын тездетті, деп хабарлады ТАСС.
«10-11 қыркүйекте Женевада өтіп жатқан Ресей, Иран мен Түркия дипломаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистурамен консультациясы Сирияның Конституциялық кеңесінің құрылуын жақындататын шешіммен аяқталды: үкімет пен оппозициядан оның мүшелерінің тізімін келісу, сондай-ақ   азаматтық қоғамнан – үшінші тізімнің қалыптасу механизмі туралы келісуге қол жеткізілді», - делінген сәрсенбідегі жарияланымда.
«Бұл аз болса да алға жасалған қадам», - деп мәлімдеді сириялық реттеу жөніндегі РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев қорытынды брифингте баспасөзге.  
Ресейден, одан басқа кеңесте СІМ басшысының орынбасары Сергей Вершини, Ираннан СІМ басшысының орынбасары Хосейн Ансари, Түркиядан СІМ басшысының орынбасары  Седат Онал қатысты.

adimage