Жер телімдерін беру кезінде пара алғаны үшін Алматы облысының ауылдық әкімі 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Күні: 16:04, 01-08-2019.

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ - Жер телімдерін беру кезінде пара алғаны үшін Алматы облысының ауылдық әкімі 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен .
«Алматы облысы бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол аудан аумағында оранласқан төрт жер телімін бергені үшін Т3,6 млн сома көлемінде пара алған. 31 шілдеде Іле аудандық сотының үкімімен С.Күзембаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі төмен абақтыда өтейтін болады», - делінген бейсенбідегі хабарда
Сонымен қатар, хабарланғандай, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Жаңалықтармен бөлісу: