Жердегі халықтың үштен бірі видеоойындар ойнайды

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ - Жердегі халықтың үштен бірі видеоойындар ойнайды, деп жазады «Известия».
«Жердегі халықтың 2,3 млрд-ы компьютерлік ойындарға құмар. Геймерлердің 51%-ы мобильді қондырғыны пайдаланады. (…) 2018 жылы видеоойындар нарығы  $140 млрд. жетеді деп күтілуде. Бұл соманың жартысынан астамын мобильді гейминг құрап отыр», - деген мәлімет келтірілген NewZoo компаниясының зерттеуінде.
«Соңғы жылдары дамып келе жатқан елдердегі интернетке қол жетімділігі бар адамдар саны Қытайда жасалған смартфондардың таралуы және мобильді интернет инфрақұрылымына ел билігінің инвестиция салуы есебінен күрт өсті», - делінген құжатта.  
Зерттеушілер, ойыншылардың көбінің табысының да көп емес екенін айтады. Сондықтан олар өздеріне көптеген қосымшалар сатып алуға, ойныды жақсартуға, бонустар алуға көп шығындала алмайтынын айтады.  Алайда геймерлер оны жасап шығарушыларға тіпті тегін ойындарды ойнау кезінде де табыс әкеледі. Мәселен, жарнамаларды қарау есебінен.  
Хабарда атап өтілгендей, 2021 жылға қарай қолданушылардың ойынға жұмсайтын шығындары   $180 млрд жетеді деп күтілуде, ал орташа жылдық өсім 10,3% құрайды. Тынық мұхиты өңірі барынша табысы көп елге айналады, оған шамамен $71,4 млрд тиесілі болады, бұл әлемдік табыстың 50% астамы.
«Ойындардан 2017 жылы Қытай барынша көп табыс тапқан -  шамамен $38 млрд. екінші орында АҚШ нарығы тұр, ол ойынды жасап шығарушыларға $30 млрд әкелген, үшінші орында Жапония ($19,9 млрд)», - делінген хабарда.  


adimage