Жерорта теңізінің үстінен бортында 14 әскери адамы бар ресейлік Ил-20 жоғалып кетті

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Жерорта теңізінің үстінен бортында 14 әскери адамы бар Ил-20 Ресейлік әскери ұшағы жоғалып кетті, деп хабарлады  ТАСС.
«17 қыркүйекте, шамамен Мәскеу уақытымен 23.00-де  (18 қыркүйек шамамен Астана уақытымен 02.00) Хмеймим әуебазасына қайтып келе жатқан тұста Жерорта теңізінің үстінде Сирия жағалауынан 35 ш қашықтықта Ил-20 ресейлік ұшағының экипажымен байланыс үзілген», - деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінен.
Олар нақтылағандай, «авиацияны басқару радарындағы Ил-20 белгісі Латакия провинциясында сириялық нысандар бойынша F-16 израильдік төрт ұшақтың шабуылы кезінде жоғалып кеткен».  
Қорғаныс министрлігінде мәлімдегендей,  ресейлік әуе кеңістігін бақылаудың радиолокациялық  құралдары аталмыш ауданда орналасқан француздық Auvergne фрегатының зымырандарды ұшырғанын тіркеп алған.  
Министрлікте атап өткендей, ұшақ бортында 14 әскери қызметкер болған, олардың тағдыры қазір белгісіз.  Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, іздестіру –құтқару шараларын  Хмеймим ресейлік әуебазасының қолбасшылығы ұйымдастырған.  

adimage