Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы көтерілді

Күні: 11:22, 10-09-2019.

Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдыңғы қатарлы мұнай биржаларында дүйсенбіде өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $62,59 (+1,05)/ барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында New York Mercantile Exchange (NYMEX) қазан айындағы мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $57,85 (+1,33)/ барр. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: