Жетекші әлемдік БАҚ 6 шілдедегі Нұр-Сұлтан мен Алматыда адамдарды жаппай ұстау шаралары туралы жазды

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ – Жетекші әлемдік БАҚ Нұр-Сұлтан мен Алматыда адамдарды жаппай ұстап жатқаны туралы жазды, деп хабарлады 7 шілдеде агенттік тілшісі.
«Биліктің ұйымдасқан түрде берілген болуы мүмкін деген болжамға байланысты қоғамның көңілі толмаушылығының жалғасуы фонында сенбі күні Қазақстанда үкіметке қарсы өткізілген митингте жүзден астам адам ұсталды», - деп жазған The New York Times басылымы.
Әлемдік жетекші БАҚ ҚазТАГ ХАА сілтеме жасай отырып, кәмелетке толмағандардың да ұсталғанын және журналистерді қорқыту жағдайларының болғанын да хабарлады.
«ҚазТАГ ақпараттық агенттігі ұсталғандар арасында бірнеше жасөспірімнің барын да айтты. Агенттік хабарында полиция қызметкерлерінің қарсылық танытушылардан сұхбат алғысы келген журналистерді қорқытқандарын және басқа БАҚ хабарларында Алматыда қарсылық болып жатқан ауданда интернет-байланыстың бұғатталғаны айтылған», - деп жазды The New York Times.
The Washington Post Қазақстанда көбінің президенттік өкілеттікті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруін тұңғыш президент пен оның жақтастарының «өз биліктерін нығайтудың» амалы деп санайтынын атап өткен.
Басылым ҚазТАГ ХАА-ның жарналистерді қорқыту, балалардың ұсталуы мен интернеттің бұғатталуы туралы хабарын келтірген.
The Washington Post пен The New York Times басылымынан басқа Қазақстанда Астана күні халықтың жаппай ұсталуы туралы Reuters, Associated Press және басқа да көптеген әлемдік БАҚ жазған.
«Оқиға орнынан түсірілген кадрда полицейлердің адамдарды топ ішінен жұлып алып жатқаны көрсетілген. Олардың кейбірі кәмелетке толмағандар», - деп хабарлады Disney Media Networks құрылымына кіретін америкалық ABC News телеарнасы.
Ол ҚазТАГ ХАА сілтеме жасай отырып, 6 шілде күні Қазақстанның ірі қалаларында болған жағдайлар туралы да ақпар таратқан.
Еске салсақ, 6 шілдеде Алматыда Орталық стадион маңында адамдарды жаппай ұстау орын алған. Алматыда кей жерлерде ұстау шаралары азаматтардың күш құрылымы қызметкерлерімен тікелей қақтығысып қалуына алып келсе, кейде ол тәртіпсіздікке ұласып кеткен. Полиция қызметкерлері журналистерді де қорқытқан – полиция ұстап жатқан кез келген адамнан түсінік алуға тырысу арандатушылық болып бағаланады, және ол азаматтармен сөйлесуге тырысатын журналистер де ұсталатын болады деп мәлімдеген. Оқиға болып жатқан ауданда ұзақ уақыт бойы интернет толығымен жұмыс жасамаған. Қарсылық танытушыларды ұстау түн ортасына дейін созылған.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда Республика даңғылы бойында «Есіл» сауда үйі ауданында да азаматтарды жаппай ұстау шаралары болған, Республика даңғылы мен Кенесары даңғылындағы ОӘД аралығында, сонымен қатар Республика даңғылына жақын аумақта Ташенов көшесі бойында да азаматтарды жаппай ұстау шаралары болған. Барлық көрсетілген учаскелер қоршауға алынған. Жол бойында полицияның көптеген автобустары тұрған. Көлік жүргізушілері полицейлердің әрекеттеріне наразылықтарын тудырып, сигнал берген. Сондай-ақ, хабарланғандай, Нұр-Сұлтандағы ұстау шаралары барысында үшқүш құрылымы қызметкерлері балаларды да автобустарға тиеп алса керек. Оларды – қыз бала мен ер баланы тек олардың анасы – елорда тұрғыны журналистердің көзінше жіберулерін талап еткенде ғана жіберген. Әйелдің айтуынша, балалардың үлккені 15-те болған.
Сонымен қатар, белгілі болғандай, елордалық полицейлер журналистерге белгісіз біреудің газ баллонын шашыратқанына мән бермеген. Нұр-Сұлтанда жаппай ұстаулар болып жатқанда жоғары лауазымды полицеи қызметкерлері де болған, олардың арасында елордалық полиция департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаев та бар. Бетперде киген белгісіз біреулер үлкен қолшатырдың көмегімен журналистердің алдын көлегейлегенде де журналистер бірнеше мәрте Малыбаевқа қызметтерін атқаруға кедергі келтіріліп жатқаны туралы шағымданған, бірақ интернетте орналастырылған видеодан байқағанымыздай, ол да БАҚ өкілдерінің шағымына мән бермеген.
Сондай-ақ, белгілі болғаны, 6 шілде күні Шымкентте Әл-Фараби алаңында күш құрылымының қызметкерлері 40 шақты адамды ұстаған.
6 шілде күні кешкісін ішкі істер министрлігі полицейлер «дұрыс әрекет» етті-міс және олар тек «жекелеген азаматтарды ғана ұстады деп хабар таратты. Сонымен қатар олар ұстаған «жекелеген адамдардан түтіндету құтысы мен травматикалық қару» тәркіленді деп мәлімдеді.
9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті. Саяси белсенді қазақстандықтардың бір бөлігі сайлау нәтижесін заңсыз деп санайды.

adimage