Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы көтерілді

Күні: 13:33, 09-09-2019.

Алматы. 9 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдыңғы қатарлы мұнай биржаларында бейсенбіде өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $61,54 (+0,59)/барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында New York Mercantile Exchange (NYMEX) қазан айындағы мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $56,52 (+0,22)/ барр. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: