Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы көтерілді

Күні: 09:45, 29-08-2019.

Алматы. 29 тамыз. ҚазТАГ - Алдыңғы қатарлы мұнай биржаларында сейсенбіде өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $60,49 (+0,98)/ барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында New York Mercantile Exchange (NYMEX) қазан айындағы мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $55,78 (+0,85)/ барр. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: