Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендей берді

Күні: 09:39, 26-08-2019.

Алматы. 26 тамыз. ҚазТАГ - Жұма күнгі сауда-саттық қорытындылары бойынша жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеді.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $59,34 (-0,58) / барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айындағы жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $ 53,97 (-1,18) / барр. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: