Алматы. 27 тамыз. ҚазТАГ - Жетекші әлемдік биржаларда дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендей берді.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $ 58,7 (-0,64) / барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айындағы мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $ 53,64 (-0,53) / барр. болды.
Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендей берді
