Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы арзандады

Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдыңғы қатарлы мұнай биржаларында бейсенбіде өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы арзандады.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $60,38 (-0,43)/барр. барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында New York Mercantile Exchange (NYMEX) қазан айындағы мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $55,09 (-0,66)/ барр. болды.