Жетісу облысында мемсатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін әкімдіктің бөлім басшысына айыппұл салынды

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ — Жетісу облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін әкімдіктің бөлім басшысына айыппұл салынды, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Жетісу облысында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокурорлар Қаратал ауданы әкімдігінің бөлім басшыларының бірін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты (ӘҚБтК-нің 207-бабының 3 және 10-2-бөліктері бойынша оған 130 АЕК (511 160 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды)», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы сумен жабдықтау желілерін салуға жарияланған конкурс жеңімпазымен 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан негізсіз бас тартқан.

Бұл ретте, ол қайтадан сатып алу рәсімін өткізіп, бұл жолы басқа қатысушымен келісімшарт жасаған.

«Тағы бір жағдайда мердігер техникалық талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды жеткізген, алайда осыған қарамастан аудандық ТКШ бөлімі ол тауарларды қабылдап алған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызмет беделін түсіретін жағдайлар бойынша конкурс комиссиясының басқа да мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі басшы мен төрт маманға қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды», - делінген хабарда.

adimage