Талдықорған.5 маусым.ҚазТАГ- Жетісу облысында "Өркен" спорт мектебінің қызметкерлері 16 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
«Жетісу облысында "Өркен" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.
Анықталғандай, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдар аралығында жалған қызметкерлерге заңсыз жалақы аударып келген. Тергеу барысында шын мәнінде жұмыс істемеген алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34