«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 657 173; 2024 жыл - 732 173; 2025 жыл - 844 284; 2026 жыл - 829 808; 2027 жыл - 844 554», - деп облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т3 907 992 000.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, шығыстар мемлекеттік мұражайларға бюджеттік субсидиялар бөлу жолымен мұражайлық маңызы бар заттарды танымал етуге, мұражай iсi саласында елiмiздiң ұлттық мәдени игiлiктерiн зерделеуге және пайдалану үдерiсiн ғылыми-әдiстемелiк, технологиялық, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге; мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу қызметтерiн жүзеге асыруға; қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау бойынша әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға, тарих және мәдениет ескерткіштерін консервациялауға, қалпына келтіруге, реставрациялауға және мұражайлау бойынша жұмыстарды орындауға; тарихи-мәдени мұра объектілеріне археологиялық зерттеулерді жүргізуге көзделген.
Мақсаты – қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуметті дамыту болып табылады.
«Міндеттер: 2025-2027 жылдары тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және танымал етуді 100% қамтамасыз ету», - деп жобада міндеттелген.
Фото көзі: wildticketasia.com