Жезқазған-Сәтпаев тас жолындағы ЖКО-дан үш адам мерт болып, бір адам зардап шекті

Қарағанды. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Жезқазған-Сәтпаев тас жолындағы екі көліктің соқтығысуынан 3 адам мерт болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Volkswagen Passat пен Toyota Camry көліктері соқтығысты.
«Алдын-ала болжам бойынша Toyota Camry көлігінің 47 жасар жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай қалып,  қарсы жолға шығып кеткен. Volkswagen Passat көлігі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады өңірдегі ІІД баспасөз қызметінен ҚазТАГ тілшісіне.  
ҚР ҚК 345 б.4б. бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


adimage