Жезқазғанда ІІБ сейфінен 4 тапанша ұрланған

Күні: 12:21, 30-10-2014.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Жезқазғанда ІІБ сейфінен 4 тапанша ұрланған, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, тексеру жүргізу кезінде Жезқазған қаласының ІІБ қару сақтауға арнағлан сейфінде 9 мм калибрлі 4 жауангерлік тапаншаның жетіспейтіні анықталды.
Тергеу барысында ІІБ-ның лицензиялық-рұқсат ету жүйесі инспекторының қалалның Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының инспекторымен бірлесіп, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Қауіпсіздік департаментінен Қарағанды облысының ІІД-ге жоюға беру үшін тапсырылған әртүрлі жауынгерлік қарудың 113 бірлігінен ұрлаған.
Ұрланған қару алынды. Қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, олар қамауға алынды.


Жаңалықтармен бөлісу: