Жітіқара полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесінің бастығына жалпы қамқорлығы үшін Т15 млн айыппұл салынды

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Жітіқара полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығына жалпы қамқорлығы үшін Т15 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«(Өткен аптада – ҚазТАГ) Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерінен пара алып, билігін асыра пайдаланған Жетіқара қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімінің бөлімше бастығы, полиция майоры Қ.Ысқақов 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды; дәл осы қалалық соттың үкімімен жеңгетайлықпен айналысқан тұлғаның қылмыстық әрекеттерге қамқорлық танытқаны үшін Қостанай облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры М.Ерболұлы мен полиция капитаны А.Сақов 5 жылдарын түрмеде өткізеді» - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жүк автокөлік құралының кедергісіз жүруі мен жалпы қамқорлығы үшін жеке тұлғадан пара алған жол-шолғыншы полиция полкінің рота командирі, полиция майоры М.Каскинге айыппұл салынды.
Сондай-ақ, Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен жалтартқаны үшін 250 мың теңге пара алған Үлбі аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Д.Алқанов 7,5 млн теңге айыппұл төлейді.
«Аталған тұлғалардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқықтарынан, сонымен қатар полиция офицері арнайы шендерінен айырылды. Сотпен айыппұл салынғандарға оны төлеу мерзімі белгіленген, айыппұл уақытында төленбеген жағдайда ол бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатыны түсіндірілді», - делінген хабарда.

adimage