Жітіқарада жаңа туған сәбидің өлімін тексеруде

Қостанай. 29 мамыр. ҚазТАГ – Жітіқарада жаңа туған сәбидің өлімін тексеруде, деп хабарлады «Алау».
«Жітіқара ауданы полиция бөліміне Жітіқара қаласындағы бейіт басынан жаңа туған шақалақтың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақалақтың денесінің табылғаны туралы дерек бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - деп хабарлады жұма күні Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  
Полиция шақалақтың анасының кім екенін анықтауға және куәгерлерді табуға тырысуда.
«Тергеу амалдары аясында сараптама тағайындалды. Баланы сырттай қарағанда дене жарақаттары байқалмаған. Аталмыш дерек ҚР ҚК 100 бабы бойынша (анасының жаңа туған сәбиді өлтіруі) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген»,- деді ПД.

adimage