ЖКО салдарынан РФ 5 азаматының өліміне айыпты қазақстандықты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Екатеринбург қаласына кірер тұста орын алған ЖКО салдарынан 5 адамның өліміне айыпты жүргізушіні қамауға алу мерзімі 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрлігі (СІМ) ресми өкілі Айбек Смадияров.
«Түркістан облысының тұрғыны тергеу изоляторында отыр. Оны қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған. Біздің елші жақ-жақты елшілік-құқықтық қолдау көрсетуде және бұл сұрақты бақылауында ұстап отыр», - деді Айбек Смадияров дүйсенбідегі брифинг барысында.
Бұл ретте ол еске салғандай, аталмыш ЖКО 2018 жылдың 28 қарашасында орын алған.
«Ол үлкен жүк көлігінің рөлінде болған. Оның тіркемесі (жүк көлігінің - ҚазТАГ) қарсы жолға шығып кетіп, үш көлікке соққан. Соның салдарынан Ресей Федерациясының 5 азаматы мерт болған»,- деп түсіндірді А. Смадияров.

adimage