Талдықорған. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Жоғалып кеткен профессордың мәйіті бір айдан соң Алматы облысында табылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Бұл деректі өңірдің ІІД растады, олар күдіктінің де ұсталғанын хабарлады.
«Бір ай бұрын, 21 тамызда, Қарасай АІІБ-не (профессордың – ҚазТАГ) жоғалып кеткендігі туралы арыз түсті. Оның қайда екенін анықтау бойынша шұғыл-іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды», - деді полициядан.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда тәртіп сақшылары ҚР ҚК 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
«Ұсталған күдікті марқұмның денесінің қай жерде жерленгенін көрсетті. Полиция Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99 бабында қарастырылған іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан.
Бұған дейін БАҚ хабарлағандай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов Алматыда 2018 жылдың 17 тамызында із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Хабарда атап өтілгендей, ол Пчеловодная көшесі нөмірі 10-шы үйінен шығып Алматы облысы Қарасай ауданына қарай бет алған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев АХҚО-ның басқарушысын қабылдады24 Наурыз 2023, 18:55
-
Астана мәслихатына сайлау қорытындысы ұсынылды24 Наурыз 2023, 18:40
-
Алматы мәслихатына сайлау қорытындысы ұсынылды24 Наурыз 2023, 18:25
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,51-ге өсіп, Т457,21/$1 болды24 Наурыз 2023, 18:14
-
Тоқаев дипломатиялық корпуста кадрлық өзгерістер жасады24 Наурыз 2023, 16:56