Жоғары сот Қазақстанның ӘТК вице-адмиралы Жандарбек Жанзақовты ақтап шықты

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Жоғары сот Қазақстанның әскери-теңіз күші (ӘТК) вице-адмиралы Жандарбек Жанзақовты ақтап шықты, деп хабарлады адвокат Әсел Тоқаева.
«ҚР ӘТК вице-адмиралы Жанзақов Жандарбек Садуұлын жаңа ғана ҚР жоғары соты бас прокурордың қарсылығы бойынша ақтап шықты! Біз төрт жыл бойы осыны күттік! Біз оның кінәсіз екенін дәлелдік!» - деп жазған Тоқаева сейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жанзақов 2020 жылдың мамырында қызметтік уәкілеттігін асыра пайдаланды және мемлекетке Т29 млн көлемінде залал келтірді деп айыптаған болатын. Алайда қорғаушы да, вице-адмиралдың өзі де басынан бастап айыптаудың ойдан шығарылғанын ал істің заңсыз екенін атап айтқан болатын.

adimage