«Жолаушылар тасымалы» билеттерді қайтару барысында Т1 мың ұстағаны үшін Т865 млн айыппұл төлейді

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттерді қайтару барысында Т1 мыңнан ұстағаны үшін Т865 млн айыппұл төлейді, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің баспасөз қызметінен.
«Монополияға қарсы орган «Жолаушылар тасымалы» АҚ әрекетінде жол жүру құжатын (билеттерді) қайтару барысында Т1 мыңнан ұстау бөлігінде басымдық жағдайын асыра пайдалану дерегін анықтады. Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2019 жылдың 15 қазанындағы қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ –ны айыпты деп танып, Т865 млн көлемінде айыппұл салды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, шешім заңды күшіне енген жоқ.

adimage