Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Ресейден Қазақстана экстрадицияланды, деп хабарлады ҚР бас прокутурасының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады. Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланды. Ж. Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдік келтірілді», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде.
«Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр. Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - деді бас прокуратурадан.
Еске салсақ, кәсіпкер Ж. Ертаев 2018 жылы мамырдың 8-інде Мәскеуде ұсталды, сол кезде қазақстандық полицейлердің нұсқасы бойынша ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола тұра жалған ЖШС-ларға $80 млн сома көлемінде банктік займ алуға ықпал еткен. Сонымен қатар займға алынған қаржыны қайтармау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асырған. Ал Ертаевтың өзі «Bank RBK» АҚ-да ешқашан жұмыс жасамағын» айтады. Ал аталмыш несиені қазақстандық Дінмұхамед Ідрісовтың бақылауындағы «Ордабасы Комьюникейшнс» компаниясы алған» және қаржы да «оның жеке шотына аударылған». Ертаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары Қазақстанда ҚР ҚК 117 бабы 4 бөлімі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде.
Кейін экс-банкирді босатты, ол Ресейде оған саяси баспана беруді сұрады, ал 8 қазанда белгілі болғандай, РФ бас прокуратурасы Қазақстанға Ертаевты беруден бас тартқан еді, алайда оның 15 қарашада тағы да ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды.
Ж. Ертаев 2002 - 2007 жылдар аралығында «Альянс банк» АҚ басқармасының төрағасы болған, кейін «БТА банк» АҚ (Украина) басқармасы төрағасы қызметінде, «Еуразиялық банк» АҚ (Алматы) басқармасының төрағасы қызметтерінде жұмыс жасаған. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі болып келген. 2011 жылдан бері Қаржы консалтингінің Еуразиялық орталығын басқарып келеді.
2014 жылдың 10 қарашасынан бастап «Алма-ТВ» ЖШС бас директоры болып табылады.
3 қаңтарда ҚазТАГ ХАА Мәскеудің Пресненск аудандық соты Ертаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартқанын хабарлады, ал 14 наурызда Ресейдің Жоғары соты бизнесменді экстрадициялау туралы шешімін күшінде қалдырғаны белгілі болды.
Жомарт Ертаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
