Жомарт Ертаевты Алматыда қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Банкир Жомарт Ертаевты Алматыда қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
«Алматының тергеу соты 3 қазандағы қаулысымен Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімін екі айға – 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартты», - деп хабарлады жұмада баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Ертаев ҚР ҚК 28 бап 3 бөлігі – 189 бап 4 бөлім 2 тармақта (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) қарастырылған қылмысты жасаған деп күдіктілуде.
Кәсіпкер Ж. Ертаев 2018 жылы мамырдың 8-інде Мәскеуде ұсталды, сол кезде қазақстандық полицейлердің нұсқасы бойынша ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола тұра жалған ЖШС-ларға $80 млн сома көлемінде банктік займ алуға ықпал еткен. Сонымен қатар займға алынған қаржыны қайтармау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асырған. Ал Ертаевтың өзі «Bank RBK» АҚ-да ешқашан жұмыс жасамағын» айтады. Ал аталмыш несиені қазақстандық Дінмұхамед Ідрісовтың бақылауындағы «Ордабасы Комьюникейшнс» компаниясы алған» және қаржы да «оның жеке шотына аударылған». Ертаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары Қазақстанда ҚР ҚК 117 бабы 4 бөлімі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде.
Кейін экс-банкирді босатты, ол Ресейде оған саяси баспана беруді сұрады, ал 8 қазанда белгілі болғандай, РФ бас прокуратурасы Қазақстанға Ертаевты беруден бас тартқан еді, алайда оның 15 қарашада тағы да ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды.
Ж. Ертаев 2002 - 2007 жылдар аралығында «Альянс банк» АҚ басқармасының төрағасы болған, кейін «БТА банк» АҚ (Украина) басқармасы төрағасы қызметінде, «Еуразиялық банк» АҚ (Алматы) басқармасының төрағасы қызметтерінде жұмыс жасаған. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі болып келген. 2011 жылдан бері Қаржы консалтингінің Еуразиялық орталығын басқарып келеді.
2014 жылдың 10 қарашасынан бастап «Алма-ТВ» ЖШС бас директоры болып табылады.
3 қаңтарда ҚазТАГ ХАА Мәскеудің Пресненск аудандық соты Ертаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартқанын хабарлады, ал 14 наурызда Ресейдің Жоғары соты бизнесменді экстрадициялау туралы шешімін күшінде қалдырғаны белгілі болды.
15 наурызда Қазақстанның бас прокуратурасынан Ертаевты экстрадицияланғанын және оның Астананың тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.
14 мамырда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотында Жомарт Ертаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын үш айға дейін, яғни ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұзарту туралы қаулы шығарды.

adimage