ЖСДП мәжіліс сайлауына бойкот жариялауға шешім қабылдады

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мәжіліс сайлауына бойкот жариялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
«Сол ережелер, сол саяси партиялар ... Осыған байланысты мен алдағы сайлауға бойкот жариялауды ұсынамын», - деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов жұмада өткен партияның кезектен тыс съезінде.
Ол сайлау заңнамасына түзетулер қабылданғанымен, жағдай өзгермегенін түсіндірді.
Съезд делегаттарының басым көпшілігі бойкотқа дауыс берді.
Еске сала кетейік, 21 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған мәжіліске кезекті сайлауды 2021 жылы 10 қаңтарда өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сайлауға «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП), «Ауыл», «Бірлік» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) қатысады деп күтілуде, ал соңғысы сайлауға қатысудан бас тартты.

adimage