Журналист Айгүл Қапбарова сенат депутатына кандидат ретінде ұсынылды

Шымкент. 20 мамыр. ҚазТАГ – Журналист Айгүл Қапбарова Қазақстан парламенті сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында сенат депутатына кандидат ретінде Айгүл Қапбарова ұсынылды. Ол «Шымкент ақпараттық орталығы» ЖШС директоры, бас редакторы, ЖШС құрамына «Шымкент келбетi» мен «Панорама Шымкента» газеттері кіреді. Сенат сайлауы заңға сәйкес 2019 жылдың 24 маусымында өтеді.
А. Қапбарова еңбек жолын телевидениеде бастаған, сосын облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болған, соңғы жылдары «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерін басқарады. Қазақстан Журналистер одағының Оңтүстік қазақстандық облыстық филиалының төрағасы болып сайланған. Қазір осы қоғамдық ұйымның Шымкент қалалық филиалын басқарады.

adimage