Журналист Ксения Собчак Бишімбаевтың сотына келді

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Ресейлік журналист Ксения Собчак бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
22 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.
Белгілі болғандай, аталмыш сот отырысын әлем бақылап отыр, шетелдік БАҚ сот отырысын ретрансляция жасауға рұқсат сұрауда, Еуропада адамдар Нүкенованың отбасын қолдап митингке шығуда.
Атап өтелік, Собчак залда марқұм болған Нүкенованың туыстарының қасына отырды, отбасының қорғаушыларының артына. Бұл ретте қазақстандық БАҚ залға тек 1,5 сағатқа қана кіре алады және ең соңында тұрып қана тамашалайды.
Әзірге Собчактың кім ретінде сотқа қатысып отырғаны белгісіз.
«Ондаған мың көрермен бақылап отырған сотты тікелей көрсетудің арқасында сотталушының қорғаушыларының кінәні марқұмға артып, оның арына дақ түсіргілері келетіні белгілі болды. Атап айтсақ, қорғаушылар Нүкенованың қызғанышы, оның басқа ер адамдармен қарым-қатынасы, ішімдікке тәуелділігі туралы сұрақтар қойды. Осыдан кейін әйелдер қолдарына шарап ұстаған суреттерін жаппай жариялай бастады. Сондай-ақ суреттерінде келесідей жазба қалдырды: «Егер сіз мені шарап құйылған бокалмен көрсеңіз, бұл мені өлтіруге болады дегенді білдірмейді». «Ханымдар, мен сіздермен біргемін және мен сіздерді қолдаймын», - деп жазды бұған дейін Собчак.

adimage