Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

Алматы. 28 наурыз. ҚазТАГ – Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы горнизоны әскери сотының үкімімен Михаил Козачков айыпты деп танылып, шартты мерзімге сотталды. Оны қылмыстық кодекстің 147 және 274 баптары бойынша айыпты деп таныған. Яғни журналисттік тергеу амалдарын жүргізу барысында кәсіби қате жіберу деп айтуға болады», – деп жауап берді ҚазТАГ редакциясына қорғаушы Елена Жигаленок.
Ол сонымен қатар, Қаржылай мониторинг агенттігінің жедел-тергеу тобы Козачковтың Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының әрекетімен еш байланысы жоқ деп таныды, рейдерлік жасауға ықпал ету айыбы алынып тасталды, 249 және 262 баптар бойынша қылмыстық іс оңалту негіздемелері бойынша тоқтатылғанын айта кетті.
Адвокат журналистке қарсы жаңа істің қозғалғаны туралы ақпаратты растамады.
Еске салсақ, Михаил Козачковты 18 желтоқсанда ҚМА ұстап, УҰИ-ге қамауға алды. Ол рейдерлік басып алуда Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына көмектесті деген күдікке ілінді. Сарапшылардың бағалауынша, ҚМА тарапынан журналистті ұстау өте дерекі бұзушылықтармен жүзеге асырылған. Журналистке көмек көрсетуге «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры дайын екенін білдірді. Сонымен қатар «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков, Қазақстан журналистер одағы және көптеген белгілі қазақстандық журналистер де қолдау білдіретіндерін жеткізді.
19 желтоқсанда мәжіліс депутаты Азат Перуашев КМА жақында ұсталған журналист Михаил Козачковтың құқықтарын сақтауы қажеттігін және оған қатысты заңның бұзылмауын талап етті. Сол күні медиа қауымдастығының өкілдері мен қоғамшылдар Тоқаевқа Козачковты босатуға көмек сұрап жүгінді. Олар аталмыш іс мемлекет басшысы уәде еткен саяси реформаны орындамау деген пікір білдірді. Кейін ол үндеуге Ақорда да пікір білдіріп, Козачковтың ісі заңға сәйкес қаралуы керек деп мәлімдеді.
20 желтоқсанда бас прокуратура белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачковтың ісі бойынша бұзушылықтар туралы ақпаратқа назар аударуға уәде берді. Сонымен қатар ол құқыққорғаушылардың әрекетінің басталғаны туралы мәлімдеді.
18 ақпанда журналистті үй қамағына ауыстырды.

adimage