Журналист және жазушы Мақұлбек Рысдаулет өмірден озды

Тараз. 11 қараша. ҚазТАГ - Журналист және жазушы Мақұлбек Рысдаулет өмірден озды, деп хабарлады редакцияға Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәулет Төлендi.
«Қазір достары мен әріптестері марқұмның отбасына көңіл айтуға бара жатыр. Көбіміз үшін ол журналисттік мамандықта тәлімгеріміз болды. Жақында ғана Рысдәулеттің 70 жас мерейтойын атап өткен едік, ол туған өлкесінің тарихы мен қалыптасуына арналған көптеген мақаланың авторы, әсіресе оған соғыс тақырыбы жақын. Оның ізденіс жұмыстарының арқасында қазақстандық-фронтшылардың жаңа есімдері белгілі болды», - деді Төлендi телефон арқылы дүйсенбі күні.
Рысдаулет еңбек жолын «Жезқазған туы» облыстық басылымынан бастаған, сосын «Халық кеңесi», «Заң», «Егемен Қазақстан» газеттерінің меншікті тілшісі болған, «Ақ жол» облыстық газетін басқарған, соңғы жылдары облыстық мұрағатта еңбек еткен. Ол Қазақстанның құрметті журналисті, Жамбыл облысы Талас және Жуалы аудандарының құрметті азаматы.
Қазақстан Журналистер одағы мен «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігі марқұмның туыстарына, достары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

adimage