Журналист Жүнісбек Сұлтанмұратов өмірден озды

Күні: 14:00, 01-08-2019.

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ - Журналист Жүнісбек Сұлтанмұратов өмірден озды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ғұмырының 67-ші шағында ұзаққа созылған науқастан журналист Жүнісбек Сұлтанмұратов көз жұмды. Ол қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген. Еңбек жолын республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде бастаған, сосын Қазақстан президенті баспасөз қызметінің кеңесшісі, үкімет баспасөз қызметінің жетекшісі, премьер-министрдің, Алматы және Астана әкімінің кеңесшісі, соңғы жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің Астанадағы өкілі қызметтерін атқарған.
Сұлтанмұратов бірқатар мемлекеттік марапат иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, республикадағы журналистика академиясының академигі болып сайланған.
Қазақстан журналистер одағы және «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігі марқұмның туыстарына, достары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.


Жаңалықтармен бөлісу: