Жыл аяғына дейін Атырау облысында 3 мектеп пайдалануға беріледі

Күні: 17:49, 17-10-2014.

Aстана. 17 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. 2014 жылдың аяғына дейін Атырау облысында 3 мектеп пайдалануға беріледі, деп мәлімдеді  өңір әкімі   Бақтықожа Ізмұхамбетов.
«Жыл аяғына дейін тағы 3 мектеп пайдалануға беріледі. Келесі жылы 2648 орынға арналған 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда», - деді Б.Ізмұхамбетов жұмадағы брифингте.  
«Былтыр облыста 11 апаттық мектеп болатын. 3 апатты мектептің орнына жаңа ғимараттар салынды, жыл аяғына дейін тағы 2 мектеп жаңа ғимаратқа көшеді. Қалған  6 мектеп келесі жылы беріледі», - деп толықтырды ол
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айында «Балапан» бағдарламасы бойынша 1075 орынға арналған 10 балабақша пайдалануға берілген.
«Бізде бүгінде балабақша кезегінде 18,5 мың бала тұр. Олардың ішінде 3 - 6 жас аралығындағы балалар саны  -  4200», - деп атап өтті  Б. Ізмұхамбетов.
Ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейін 3 - 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі  тәрбиемен  100% қамтылу қажеттігін айтты.
Облыс әкімінің мәліметтерінше, 1 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамтамасыз ету -  54%, 3 - 6 жас аралығындағы балалар бойынша - 78,9%.


Жаңалықтармен бөлісу: