Жыл аяғына дейін Атырау облысында шамамен 134 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Күні: 17:50, 17-10-2014.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. 2014 жылдың аяғына дейін Атырау облысында шамамен  134 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп мәлім етті  өңір әкімі   Бақтықожа Ізмұхамбетов.
«Ағымдағы жылдың аяғына дейін 37 үйде (134497 шаршы метр) 2148 пәтер пайдалануға беріледі, бүгінгі таңда олардың ішінен 6 үй пайдалануға берілген», - деді Б.Ізмұхамбетов жұмадағы брифингте.
Облыс әкімдігінің ақпарынша, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Т7 млн-нан астам қаржы бөлінген. 9 айдың қоррытындысы  бойынша оның Т5 млн-нан астамы игерілген.  


Жаңалықтармен бөлісу: