Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Ағымдағы жылдың басынан бері елордада 80 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлады Астананың ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан.
«Ағымдағы жылдың 20-30 қыркүйегі аралығында республика аумағында «Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акциясы өткізіліп жатыр. Аталмыш шара аясында ағымдағы жылдың басынан бері 80 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған (былтырғы сәйкес кезеңде шамамен 73 мыңдай)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, «оның ішінде: ұсақ құқықбұзушылық – 3,4 мыңнан астам (2014 жылы – 3 мың), тыныштықты бұзу – 7 мыңнан астам (6,6 мың), ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйінде жүру -16,2 мыңнан астам (15,1 мың), бекітілмеген жерде темекі шегу – 12 мыңнан астам (6,7 мың), абаттандыру ережесін бұзу – 14,8 мыңнан астам (13,9 мың) және белгіленбеген жерде сауда жасау дерегі – 3,5 мыңнан астам (3,1 мың)».
Жедел жағдайды дұрыстау үшін баспасөз парақшасында айтылғандай, қала аумағында алдын алу шаралары тұрақты түрде өтіп тұрады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42