Жыл басынан бері Атырау облыстық перзентханасында бір жасқа дейінгі 100-ге жуық нәресте шетінеп кеткен

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ - Азиза Жамалиева. 2019 жылдың басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында бір жасқа дейінгі 100-ге жуық нәресте шетінеп кеткен, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің төрағасы.
«Ағымдағы жылдың тоғыз айында (Атырау – ҚазТАГ) обылсында бір жасқа дейінгі 156 нәрестенің шетінеп кеткені тіркелген. Оның 98-і (62,8%) облыстық перинаталдық орталығында, қалған 54 бала басқа медициналық мекемелерде және төртеуі үйде қайтқан», - деді Бюрабекова сәрсенбі күні ОКҚ баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, нәресте өлімінің басты себебі - перинаталдық кезеңдегі жағдайы, инфекциялық аурулар, туа біткен ақаулар, қайғылы жағдайлар.
«Медициналық карталар мен гистологиялық материалдарды талдау тамыз айында Атырау облыстық перинаталдық оралығында аурухана ішілік жұқпаның таралғанын білдіріп отыр, соның салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталмауынан қыркүйек айында жаңа туған сәбилерге жұққан. Аталмыш дерек эпидемиологиялық тексеру қорытындысымен расталып отыр. Мәліметтерді тексеру барысында облыста нәресте өлімінің көбеюіне алып келген бірқатар жүйелі проблемалар анықталды», - деді комитет төрағасы.
Оның ақпарынша, өңірдегі медициналық мекемелер инфрақұрылымының тозығы жеткен, материалды-техникалық жаьдықтар жаңартылмаған, кадр жетіспеушілгі сақталып отыр.
«Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелердің қызметіне және олардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруға жеткілікті түрде бақылау жоқ. Денсаулық сақтау саласында кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бақыланбаған. Оның үстіне инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған, салдарынан жетілмей туған сәбилердің ауыр септикалық асқынулары артқан», - деді ол.
Одан бөлек, Бюрабекова шетінеп кеткен үш нәрестенің ата-анасы Атырау облыстық перинаталдық орталығының үстінен полицияға арыз жазғанын да айтты.
Бұған дейін белгілі болғандай, Атырау облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жаңа туылған шақалақты өлтірді деген күдікке ілінген еді. 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен хабарлағандай, жаңа туылған сәби дәрігерлердің немқұрайлығынан өлі туылды деп рәсімделген, бірақ ол тірі болған. Бала жыбырлаған кезде, сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің айтуынша, оны аман алып қалу шараларын шұғыл түрде қолданудың орнына дәрігерлер толтырылған құжатқа сәйкес әрекет етуді дұрыс санап, нәрестені тоңазытқышта қалдырған.
Бір күн бұрын – 3 қазанда белгілі болғандай, «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ РМК басшысына қатысты Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан астам шақалақ шетінеп кеткен.
18 қазанда Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева Атыраудағы облыстық перинаталдық орталығындағы шудан кейін қызметінен кеткен.
21 қазанда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы тамыз (26 нәресте) бен қыркүйек (16) айларында жаңа туған шақалақтардың шетінеп кетуіне ауруханалық жұқпа – бактериалды аурухана ішілік жұқпа себеп болғанын мәлімдеді.

adimage