Жыл басынан бері Екібастұз бен Ақсу инфрақұрылымын дамытуға Т2 млрд-тай қаражат жаратылды

Күні: 18:18, 29-10-2014.

Павлодар. 29 қазан. ҚазТАГ – Моноқалалар Екібастұз бен Ақсу қалаларының инфрақұрылымын дамытуға жыл басынан бері Т2 млрд-тай қаражат жаратылды, деп хабарлады Павлодар облысының әкімшілік баспасөз қызметінен.  
«Моноқалалар алдындағы бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін республикалық бюджеттен биыл 741,4 млн теңге бөлінді, оның ішінде Екібастұз қаласы бойынша – 556 млн теңге, Ақсу қаласы бойынша – 185,4 млн  теңге бөлінді. Қаражатты игеру 2014 жылғы 1 қазанға 691,7 млн теңге болды», - деген мәліметтерді әкімшілік келтірді.
Сондай-ақ биыл моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға Т1,4 млрд бөлінді. Оның ішінде Екібастұзға - Т743,1 млн, Ақсуға - Т667,4 млн. Т1,269 млрд. сомалық қаражат игерілді.
Екібастұзда 11,7 км жолға орташа жөндеу жасалды, 7,4 км автожол қайта жөнделді, 47,6 мың шаршы метр квартал іші аумақтар абаттандырылып, 10 балалар ойын алаңы салынды. Бағдарламаға сай, жалпы ұзындығы 18,7 км болатын электр тасымалдау желісі салынуда.
«Ақсу қаласы бойынша 7 және 9 ықшамаудан жылу трассаларын қайта жөндеуден өткізу, 4,2 км жерге асфальт төсеу, 3 учаскеге жаяу жүргіншілер жолын төселіп, 100 жол белгілері орнатылды», - деп хабарлады әкімшіліктен.  


Жаңалықтармен бөлісу: