Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. 2018 жыл соңына қарай Қазақстанның машина жасау өндірісінің көлемі Т1 трлн астам болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазақстан машина жасау одағы» ЗТҰ басқармасының төрағасы Мейрам Пшембаев.
«Жалпы, биыл Қазқастандағы машина жасау Т1 трлн. асады. Яғни жетістік бар. Бұл шегі емес», - деді М.Пшембаев бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша былтырғымен салыстырғанда машина жасау өндірісі көлемінің өсімі 17,2% кен.
«Машина жасау, техникалық машина жасау, аккумулятор жасау, мұнай-газ құралдарына өажет түрлі құрамдас бөліктерді жасау, ауыл шаруашылық машиналырн жасау секілді салалар да бір қарқынды дамып келеді...», - деді М.Пшембаев.
Жыл соңына қарай Қазақстанның машина жасау өндірісінің көлемі Т1 трлн астам болады деп күтілуде
