Ақтау. 17 қазан. ҚазТАГ - Жыл соңына дейін Ақтауда мемлекеттік қолжетімді баспана бағдарламасымен 2 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырады, деп хабарлады қалалық құрылыс бөлімінің маманы Дәурен Жапаров.
«Ақтауда қазір «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасымен 13 үй салынуда. Қалалық құрылыс бөлімінде осы бағдарламаны іске асыру жоспары жасалған. Онда нысандарды пайдалануға тапсырудың дәл уақыты көрсетілген. Кестеден кешігу байқалмайды», - деді жұма күні Д. Жапаров.
«Жоспар бойынша биыл 32А ықшамауданында 2 үй тапсырылады т.б.», - деді ол.
Қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарын пайдалануға тапсыру 2016 жылға жоспарланған.
«32А ықшамауданында жайлылығы үшінші сыныптағы 120 пәтерлік 3 тұрғын үй салу жоспарланған», - деді Д.Жапаров.
Бұрындары хабарланғандай, Ақтау «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша құрылысы аяқталмаған нысандар бойынша көшбасында екендігі айтылған. Атап айтқанда, «Аққу» ықшамауданында 9 тұрғын үй құрылысы тірек діңгектерінің майысуы себепті тоқтатылғаны анықталды. Ол келешекте үйдің опырылып құлауына әкелуі мүмкін еді. Осы үйлерден кезек күтіп отырған адамдарға басқа үйлерден пәтер алу мүмкіндіктері берілді.
Одан басқа, «Аққу» ықшамауданындағы бірінші кезектегі тұрғын үйлер «Қолжетімді баспана» бағдарламасынан шығарылды. Олардың құрылысы жеке меншік инвесторлар есебінен аяқталатын болды.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты30 Қараша 2023, 17:45
-
Тоқаев Йоханнисті Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады30 Қараша 2023, 17:34
-
Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура30 Қараша 2023, 16:53
-
Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты30 Қараша 2023, 16:34