Жыл соңына дейін Астанада жылытылатын аялдамалар орнатылады

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Жыл соңына дейін Астанада жылытылатын аялдамалар орнатылады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, «Астана LRT» ЖШС хабарлауынша, елорданың жаңа аялдама кешендері жылытылып, қолайлы жағдайлар жасалады. Жыл соңына дейін Астанада жабық, жылытылатын, дәретханамен жабдықталған 55 жаңа аялдама орнатылады.
«Астана LRT» ЖШС басшылығының айтуынша, олар әлеуметтік маңызы бар нысандарға жақын орналасады. Басқа аялдама кешендеріне келер болсақ, олар 100 пайыз модернизацияланады.
Аялдама павильондарын 12,5 м2 және 20 м2 болатын екі өлшемде салынбақ. Қыс мезгілінде аялдама температурасын бақылау тетігі бар инфрақызыл жылытқыштар сақтап тұрады. Бұдан бөлек, барлық аялдамалар жалпықалалық бірыңғай тіршілікпен кешенді қамту жүйесіне қосылған бейнебақылау камераларымен және басқа да тетіктермен жабдықталады. Аялдама кешендерінің ішіндегі ауа алмасу табиғи желдету жолымен іске асырылады.
Жабық типтегі барлық нысандар дәнекерленген болат қораптардан жасалады, деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС.

adimage