Жыл соңына дейін қайтадан теңге девальвациясы болмайды, деп есептейді Deutsche Bank

Күні: 16:38, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. 2014 жыл соңына дейін теңге девальвациясы болмайды, бірақ инвесторлар келесі жылы девальвация болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп мәлім етті қазақстан-германия іскерлік кеңестің тең төрағаларының бірі, Орталық және Шығыс Еуропадағы Deutsche Bank AG атқарушы директоры Петер Тильс.
«Валютаның айырбас бағамы өте маңызды. Рубль қазір арзандап келеді, Украинада да жағдай сондай. Бізде осындай жағдай жыл басында орын алғанды. Биыл теңге тағыда девальцияға ұрынбайды деп ойлаймын, бірақ инвесторлар келесі жылы девальвация болады және ол қандай болар екен деп алаңдаулы», - деді ол дүйсенбі күні қазақстан-германиялық іскерлік кеңестің 8-ші отырысында.  
Бұрын хабарланғандай, 2014 жылы 11 ақпанда Қазақстанда ұлттық валютаның кезекті девальвациясы болған. Сол күні ҚР ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамын $1 үшін Т185 деңгейінде бекіткен (бағам 19%-ға көтерілді), ал тербеліс дәлізі Т185 +/- Т3 деп алынған. Бірақ биылғы жылдың 10 қыркүйегінде Ұлттық банк теңге бағамының тербеліс дәлізін Т185 +Т3, -Т15 аралығына дейін кеңейтті.  
Еске салсақ, Қазақстанда мұның алдыңғы теңге девальвациясы 2009 жылы 4 ақпанда болған. Ол кезде Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын $1 үшін Т150 (+25%) деңгейінде бекіткен.


Жаңалықтармен бөлісу: