Жыл соңына дейін Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 30 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда

Павлодар. 21 қазан. ҚазТАГ – Жыл соңына дейін Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 30 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда, деп мәлім етті өңірлік ауыл шаруалығы басқармасының жетекшісі Ернұр Айткенов.
«Облыс әкімінің 2015 жылғы 9 маусымдағы инвестицияны тарту жұмыстарын жандандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша тапсырмасына сай, облыс бойынша жыл басынан бері 20 нысанды іске қосу және жетілдіру жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті Е. Айткенов.
Ондағы мәліметтер бойынша, биылғы жыл соңына дейін өңдейтін 10 нысан іске қосу жоспарда: Екібастұзда, Ақтоғай, Баянауыл, Успен аудандарында – біреуден, Павлодарда, Қашыр және Май аудандарында – 2-еуден іске қоспақшы.
Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 364 нысан бар. Олардың ішінде шұжық және еттің жартылай өнімдерін шығаратын 56 кәсіпорын, сүт өңдейтін 21 кәсіпорын, 41 астық өңдейтін кәсіпорын, 150 наубайхана, күнбағыс өңдейтін 26 цех бар.
Ағымдағы жылдың 9 айында Т40,7 млрд сомалық азық-түлік өнімдері шығарылды, ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 106,8% болды.

adimage