Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Ержан Жылқыбаев Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Жылқыбаев соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы және Алматының Медеу ауданының әкімі болған.

adimage