Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Жылдық айналымы $7 млрд құрайтын Tonnies неміс компаниясы Қазақстандағы агроөнеркәсіп жобаларына қызығушылық танытты, деп хабарлады Kazakh Invest ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен. .
Рэда-Виденбрюк қаласында «Kazakh Invest» басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бірімжанның «Tonnies» компаниясының негізін қалаушы Клеменс Тонниеспен кездесуі өтті.
«Марат Бiрiмжан Қазақстандағы АӨКсаласының дамуы жайлы егжей-тегжейлі хабарлады және нақты инвестициялық ұсыныстар мен жобаларды таныстырды. Өз кезегінде, «Tonnies» компаниясының негізін қалаушы Қазақстан аумағында сиыр еті, шошқа еті және құс етін өндіру бойынша бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды құру мүмкіндігін зерделеуге мүдделілік танытты», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, кездесу қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ірі компаниялармен танысу және инвестжобаларды одан әрі пысықтау үшін Қазақстанға Клеменс Тонниес мырзаның сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
«Tönnies Holding ApS & Co. KG» Германиядағы ірі шошқа және ірі қара мал қасапханасы бар отбасылық компания болып табылады. «Tonnies» сондай-ақ етті қайта өңдеумен де белсенді айналысады. Компания супермаркеттер, бөлшек, көтерме сауда, өнеркәсіптік клиенттер үшін мал және өсімдік шикізаттарынан балғын және мұздатылған тауарларды шығарады және оларға жеткізеді.
Жылдық айналымы $7 млрд құрайтын неміс компаниясы Қазақстандағы АӨК жобаларына қызығушылық танытты
