Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – 2018 жылдың басынан бері теңге АҚШ долларына қатысты 10,1% әлсіреді, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкі баспасөз қызметінен.
«Жылдың басынан бастап 24 қазанға дейін валюта нарығында теңге бағамы 10,1%- ға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 365,82 теңгені құрады. Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Біріншіден, дамушы елдердің валюталарына қатысты АҚШ долларының күшеюі. Екінші фактор - Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі қатайту туралы хабарлау. Осыған орай, жылдың басынан бері Ресей рублінің әлсіреуі 15% болды», - деп хабарлады бейсенбіде ҚРҰБ төрағасы Данияр Ақышев парламент сенатында.
Ол нақтылағандай, Ұлттық Банк шекарасы, дәлізі немесе басқа да бағдарлары жоқ өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жүргізуін жалғастырады.
Жылдың басынан бастап 24 қазанға дейін валюта нарығында теңге бағамы 10,1%- ға әлсіреді
