«Жылжымалы хоспис» жобасы Астанадағы үздік әлеуметтік жоба байқауында І-ші орынға ие болды

Күні: 19:20, 24-10-2014.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ - Астанада Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар көрмесі өтті, соның аясында 3 барынша инновациялық жоба таңдалып алынды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«1 орын -   «Жылжымалы хоспис» жобасы, жоба аясында онкологиялық аурудан зардап шегуші азаматтарға қолдау көрсетіледі, сыйақы сомасы Т2 млн. ары қарай 2 орын - «Арнайы тренажерлерде емдік дене шынықтыру кешені арқылы фитнес-сауықтыру жүргізу», жоба авторы Елдос Баялшыбаев, ЖКО-дан кейін еңбекке қабілеттілігінен айырылған жас жігіт, ол фитнес-орталығын ашқан, сыйақы сомасы - Т1,5 млн. Және 3 орын - «Хатико - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған физикалық және психологиялық сауықтыру орталығы»  оңалту орталығының құрылысы», сыйақы сомасы - Т1 млн», - деп көрсетілген жұмада таратылған хабарда.  
Сарапшы қазылар алқасы осы 3 жобаны инновациялық деп таңдаған. Жеңімпаздарды ұсынылған жобаларды ары қарай жүзеге асыру үшін ақшалай сыйлармен марапаттады.
Сонымен қатар, Т1 млн көлемінде көтермелеу сыйлығына Степногорскідегі №4 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің медиаорталығы ие болды.  
«Бүгін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында Астанада өткен үздік әлеуметтік жобалар көрмесі барысында елдің 16 өңірінен келген барлық 21 жоба да жеңімпаз болды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: