ЖЖЕ-сін бұзған шетелдік жүргізушілер Қазақстаннан тысқа шығарылады

Күні: 12:43, 28-10-2014.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Жол жүру ережесін (ЖЖЕ) бұзған шетелдік жүргізушілерді Қазақстаннан шығарып тастайды, деп хабарлады Астана әкімшілігінің ресми сайты.
«Астаналық полицейлер қалаға келетін шетелдік көліктерге тексеруді күшейтті. Бұл шетелдік жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік апаттарының алдын алып, қоғам қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шара», - делінген Астана сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.
Қуаныш Еркінов, Астана қаласы ІІД ӘПБ инспекторы:
«ІІМ көрсеткіштеріне сәйкес шетелдерден келген азаматтардың қатысуымен өткен 9 айдың ішінде 26 мыңнан астам жол жүру ережесі бұзылған».
Іс-шараға 500 астам жол-патрульдік полициясының, көші-қон полициясының, кедендік бақылау құрылымдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Соңғы 9 айда шетелдік жүргізушілердің қатысуымен болған 28 жол-көлік оқиғасынан 28 адам қайтыс болып, 58 адам түрлі дене жарақатын алған.
Қуаныш Еркінов, Астана қаласы ІІД ӘПБ инспекторы:
«Көші-қон полициясы қызметкерлері шетелден келген азаматтардың заңды тіркеулері болмаса, қандай да заң бұзушылықтар анықталатын болса, онда заңға сәйкес ел аумағынан шығарып жіберуге дейін шаралар қолданылады».
Астанаға РФ мен Қырғызстаннан келушілер көп екен. Шара барысында жолаушы мен жүк тасымалдайтын шетелдік жүргізушілердің құжаттары тексерілді.


Жаңалықтармен бөлісу: