Әзірбайжанға қазақстандық өндірістегі шамамен 40 электровозды жөнелту жоспарлануда

Күні: 17:47, 01-02-2019.

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Әзірбайжанға қазақстандық өңдірістегі шамамен 40 электровозды жөнелту жоспарлануда, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық өндірістегі кезекті электровоз Сороковая стансиясынан Әзірбайжандық теміржолдар үшін жөнелтілді. Электровоз темір жолмен жүріп келді, яғни Құрық портына дейін шамамен 2,5 мың шақырым. Сосын Каспий теңізі арқылы Алят портына дейін «Меркурий» паромды кемесімен жіберілді. (…) Жалпы әзірбайжандық теміржолшыларға 40 бірлікке жуық ауыр жылжымалы құрам жөнелтілмек», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, АZ8A сериялы жүк локомотивтері Әзірбайжан теміржолдарына бейімделген қазақстандық KZ8A элеткровоздарының баламасы болып табылады.
«Локомотивтерді құрастыру Астанада «Электровоз құрастыру зауыты» желісінде өндірілген», - деді баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: