Әзірбайжан Таулы Қарабахтың үстімен ұшуға тыйым салды

Күні: 11:08, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Әзірбайжан Таулы Қарабахтың үстіндегі ұшу әуе кеңістігін жауып тастады.
«Әуе кеңістігіне Армения әскери әуе кемелерінің енуі «Әзірбайжанға қатысты басқыншылық пен агрессияның жалғасы» болып есептелінеді», - деген елдің СІМ мәлімдемесіндегі дәйексөздерді келтіреді ВВС орыс қызметі.
Еске сала кетейік, жақында Әзірбайжан қорғаныс министрі елдің әуе кеңістігін бұзған Армения қарушы күштерінің Ми-24 тікұшағын оның әскерлері атып түсіргенін мәлімдеген болатын.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат кезінде үш адам қаза тапқан.
Таулы Қарабахтың әскери басшылығы тікұшақтың сол бір танылмаған республикаға тиесілі болғанын айтып сендіруде. Ол туралы Армения СІМ да мәлім етті.
«Таулы Қарабах Қорғаныс әскерінің оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген МИ-24 тікұшағын әзірбайжандық ҚК жоюын қатаң кінәраттаймыз», - делінген ведомство мәлімдемесінде.


Жаңалықтармен бөлісу: